• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2015

«МАКС-2015» ұйымдастыру элементтері «KADEX-2016» көрмесінде  қолданылатын болады

346 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні «МАКС-2015» XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салоны басталды. Бұл көрмеге тәжірибе жинақтау және ұйымдастыру әдістерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда. «МАКС-2015» XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының аясында республика Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Ростех» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Чемезовпен, «Рособороноэкспорт» бас директоры Анатолий Исайкинмен, сондай-ақ, «Иркут» корпорациясының президенті Игорь Демченкомен және «Ресей тікұшақтары» ААҚ бас директоры Александр Михеевпен кездесті. Кездесулер отандық қорғаныс өнер­кәсіп кешенін дамыту мақсатында өткізілді. Авиасалоннан авиатехниканың әскери және азаматтық үлгілерін және оған қатысты материалдарды, сондай-ақ, тәжірибелі ұшу аппараттары мен әскери жиынтықтарды көруге болады. Көрмеге барлығы 800-ден астам компаниялар мен ұйымдар қатысуда. Осындай ауқымды іс-шараның көрші елде өтуі алдағы кезде Астанада болатын «KADEX-2016» халықаралық көрмесін өткізуге тәжірибе жинақтау үшін айтарлықтай маңызы бар. «Біз «KADEX» көрмесінің ерекше, сирек өтетін ерекшелігі болғанын қалаймыз. Оның көп жоспарлы құрылымы бар. Көрмеде тек авиатехника жасайтын авиашоу ғана емес, сонымен бірге, құрлық әскерлері және теңіз әскерлері өзінің қару-жарағы мен бар қуатын көрсетеді. Бұлардың бәрі кез келген көрмені ұйымдастыру үшін аса маңызды», – деді республика Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Бақыт Құрманбаев, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.